Әл-Фаpаби идeялаpының opтағаcыpлық мұсылман және Еуропа филocoфияcының дамyына әcepi
Аңдатпа
Осы мақаланың мақсаты әл-Фарабидің логика, метафизика, саяси теория мен музыка сияқты аса маңызды ғылым салаларында жеткен жетістіктері жайлы, оның гректің бай ғылыми мұрасын исламдық шығыс пен латынтілдік Еуропаға жеткізуші негізгі көпір болғанын көрсету, әл-Фарабиді тек антик философтардың еңбегіне комментатор жасаушы ғана емес, оның әлемдік ғылым мен философия тарихында өзіндік орынға ие дербес ойшыл болғанын дәлелдеу. Мақалада Әбу Насыр әл-Фарабидің әлемдік философия мен ғылым тарихындағы орны, оның философиясының өзінен кейінгі Араб және Еуропа философтарына тигізген әсері туралы баяндалады. Оның математика және тағы басқа да жаратылыстану ғылымдарындағы жетістіктері мен жаңашыл идеялары туралы айтылады. Мақалада әл-Фарабидің әлемдік интеллектуалдық ойдың дамуына тигізген әсері туралы шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектерінен нақты деректер келтіріледі.
Түйін сөздер: әл-Фараби, орта ғасыр философиясы, Ислам діни ілімі, логика, музыка, этика, неоплатонизм, саясат философиясы.







