Кәсiпорын мәдениетiн қалыптастырудың құндылықтық астарлары
Аңдатпа
Кез келген кәсіпорынның табысты қызмет етуі бұл ұжымның қызметін тиімді ұйымдастыра білумен жүзеге асырылады. Тиімді басқарудың негізгі мәні екі міндетті шешуге келіп тіреледі: кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын дұрыс бағдарлау және белсенділендіру. Оның біріншісі қызметкерлердің әрекетін қажетті ағымға бағыттау мақсатында белгілі бір бағдарламаны даярлауды білдірсе, екіншісі қызметкердің эмоционалдық-мұқтаждық саласын қанағаттандыратын ынталандырушы шарттарды (материалдық және моральдық марапаттау, ұжымдағы әлеуметтік-психологикалық климат, еңбекті лайықты ұйымдастыру және басқалары) қалыптастыруды аңғартады. Кәсіпкерлікте атқарылатын жұмыс бастамашылдықты, дербестілікті, шығармашылықты көбірек талап еткен сайын, қатаң директивалық бағдарламалар аз пайдаланылады да, кәсіпкер үшін таңдаудың еркіндігі молырақ болады. Мақалада қазақстандық кәсіпкерлікті қалыптастырудағы құндылықтық мәселелер талқыланады.
Түйінсөздер: бұқаралық мәдениет, кәсіпорын мәдениеті, құндылықтар, прагматизм, субмәдениет, фирма, элитарлық мәдениет.







