Ғұлама, ғалым, имам әл-Испиджаби
Аңдатпа
Бұл мақаланың авторы Қазақстанның ортағасырлық тарихында ерекше орынға ие имам әл-Испиджабидің өмірбаяны мен еңбек жолына шолу жасайды. Ғұламаның өмірі мен заманын сипаттай отырып, оның ислам дінінің кең таралып, ортағасырда білім мен ғылымның ордасына айналған Орталық Азия жеріндегі өркениет пен мәдениет, саясат пен діни ахуалға қосқан үлесін саралайды. Қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты көне Сайрам қаласында (ортағасырлық Испиджаб) дүниеге келген ислам ойшылы, ұстаз, жазушы, заңгер әрі қазы әл-Испиджабидің ғұмыры мен ғылыми жолын зерттеу арқылы автор қазақ топырағынан шыққан ислам дінінің бірегей ғұламасын көпшілікке таныстыруды мақсат еткен. Көрнекті тұлғаның қалдырған еңбектерін зерделеу және келер ұрпаққа үлгі ету де көзделген. Ахмад ибн Мансур әл-Испиджабидің қолжазбаларына жұрттың назарын аудара отырып, оның есімін жаңғырту арқылы тарихымызды жаңартуға қадамдар жасалған. Автор имам әл-Испиджабидің «Шарх Мұхтасар ат-Тахауи» кітабына ерекше талдау жасап, жан-жақты саралаған.
Түйінсөздер: әл-Испиджаби, дін, мәдениет, Испиджаб, Мауреннаһр, Самарқан, қолжазба, Сайрам, фиқһ (Ислам құқығы), қазылық.







