Қазақстандағы жаһандану мәселелерінің ықпалы

Авторлар

  • К. Б. Ахметжанова

Аңдатпа

Бұл мақалада Қазақстандағы жаһанданумәселелерінің ықпалы жөнінде айтылады. Қазiргi әлемдiк мәдениет пен өркениетке ерекше ықпалын тигiзiп отырған жаһандану – өмiрдiң барлық саласын қамтып отырған күрделi процесс. Жаңа әлем және жаңа ғасыр жаһандану белгiсiмен өтiп, адамзат алдында жаңа проблемаларды қойып, оны шешуде, құндылықтарды және оның түсiнiктерiн бағалауды жаңа тұрғыдан келудi талап етедi. Жаһандану – ұғымын тек ғалымдар ғана емес, сонымен бiрге, тiлшiлер, саясаткерлер, әдебиетшiлер, күнделiктi тiлде де қолданады. Сондықтан, ол ғылыми мағынадан тыс шығады және сонымен қатар дәлелдеудi және жүйелеудi қажет етедi. Жаһандану процесi – қоғамның барлық негiзгi өмiрiн қамтитын: экономика, саясат, әлеуметтiк қатынас, мәдениет, идеология басқа да өзiн қоршаған адамзат қатынасының аймағы. Қазақстанның әрi қарай гүлденуi мен өркендеуiнiң өзегi болып табылады. Жаһандану заманында әлемде саясатта, экономикада, халықаралық қатынастарда бәсеке болады, бәсеке бар жерде дау болады. Ақпарат және технологиялар қарқынмен дамиды. Сонымен, бүгiнгi жаһандану құндылық бағдарлардың ерекше бiр мәдени жүйелерiн бiлдiредi.
Түйін сөздер: Жаһандану, жаңа әлем, құндылықтар, тұрақтылық, келісім, тыныштық, бейбітшілік, өркендеу, технологиялар, мәдениет, мәдени жүйелер.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-03-13

Журналдың саны

Бөлім

ФИЛОСОФИЯ