Әл-Фараби: философия мен дін туралы
Кілт сөздер:
дін, философия, қайырымды билеуші, қайырым- ды қала, әлемді түсіну.Аңдатпа
Мақалада әл-Фарабидің дін мен философия туралы зерттеуле- ріне талдау жасалынып және олардың маңыздылығы мен орны қа- растырылады. Философияның алғашқы түсінігі мен діннің интер- претациясы және оның қоғамдық санадағы рөлі, ортағасырлық ой- шылдардағы ізгілікті дін туралы көзқарастары айшықталады. Осы- ған орай, әл-Фарабидің «Дін туралы кітабы» атты трактатындағы дін мен философия туралы тұжырымдамаларының бүгінгі таңдағы орны қарастырылады. Қазіргі заманғы әлемдегі жағдайлар дін мен филосо- фияны дұрыс түсінсе көптеген қақтығыстардың оңтайлы шешу жол- дары болатындығын көрсетіп отыр. Дін мен философия мәселелері өзекті тақырыптардың қатарында болғандықтан, әл-Фарабидің негізгі ғылыми концепциялары аталған мәселені зерттеуде маңызы зор.
