Қазақ философиясының методологиялық негіздері
Кілт сөздер:
философия, қазақ философиясы, методология, философия тарихы, руханилық, этика.Аңдатпа
Мақалада қазақ философиясын зерттеудің методологиялық не- гіздері сарапталды. Қазақ философиясының көп ғасырлық тарихы мен мәдени-рухани әлемі, дүниетанымдық ерекшеліктері мен дәс- түрлерін зерделеу, бойлау және оларды танымдық мағынада игеру мәселелері қарастырылды. Қазақ философиясын зерттеудегі кемшін тұстар мен заманауи үрдістері, төлтума ұғымдарын оңтайлы қолда- ну үдерістері мақалада айтылады. Қазақ дүниетанымдық әлемінде- гі этикалық принциптер негізінен адамаралық қатынастарды реттеп, игі көкжиектердің үлгілерін ұсынатыны байыпталды. Мәдениеттің, философияның, салт-дәстүрдің дамып өзгеруі әлеуметтік-экономи- калық, саяси жағдайлардың дамып өзгеруімен де тығыз байланыс- тылығы көрсетілді. Қазақ философиясының калыптасуы және оның миф, дін, көркемдік ойлаудан бөлініп шығуы қазақ философиясының ең өзекті мәселелерінің бірі екені проблема ретінде көтеріледі.
