Ханафи мәзһабында мұрсал хадистердің орны

Авторлар

  • Қ. Ж. Мамбетбаев

Кілт сөздер:

Ханафи мәзһабы, Әбу Ханифа, мұрсал хадис, мұс- над хадис, сахаба, табиғин, атбағут-табиғин.

Аңдатпа

Мақалада Ханафи мәзһабында мұрсал хадистердің орны талдан- ған. Онда хадистерді мұрсал етіп жеткізу сахаба, табиғин, атбағут- табиғиндердің кезінде де қабылданып, онымен амал етілгені, қабыл- дау шарттары әртүрлі болғанымен, төрт мәзһаб бойынша да мұрсал хадистер дәлелге жүргені, тіпті тізбекке аса мән беретін хадисшілер- дің өзі кейбір аға буын танымал табиғиндердің мұрсал хадистерін сахих санағаны сөз болады. Әбу Ханифа да табиғин болғандықтан, оның мұрсал хадистерді дәлелге қолдануы табиғи, оның бұл артық- шылығы басқаларда жоқ, ол қандай да бір мәселеде дәлел ретінде мұрсал хадиске жүгінген болса, оны табиғиндерден һәм аға буын ат- бағут-табиғиндерден тікелей алу мүмкіншілігін иеленген, әрі өзі өмір сүрген қоғамда сол мұрсал хадистің мазмұнын қуаттайтын амалға куә болған болуы ықтимал деген пікір жақталады.

Жүктеулер

Жарияланды

2015-09-01