Джон Серлидің әлеуметтік шынайылық теориясы контекстіндегі тіл
Кілт сөздер:
әлеуметтік шынайылық, тіл, пікір, күш, ұжымдық, өнертабыс, мәртебелік қызмет.Аңдатпа
ХХ ғ. философтардың ой-толғаныстары мен тұжырымдары тіл- дің билігінің орасандығы соншалық - ол белгілі мағынада шындықты жасайды деген шешімге жетеледі. Сөздің билігі зор, тіпті қандай да бір пәндік шындыққа қатысты шешуші деуге де келеді. Дегенімен, сөз жоқ, тілдің шындыққа деген қатынасы ерекше күрделі болып табылады. Философиялық ойдың өзгерістерін қысқаша қорытын- дылайтын болсақ, философия тіл болмысын мына үштік тұрғысынан қарастыратынын анықтауға болады. Бұл үштік: сана - тіл - қоғам. ХХ ғасырда бұл үштік орасан мән мен ықпалға ие болды.
