Толеранттылықтың әлеуметтік-мәдени негіздері: алғышарттары және мінездемелері
Кілт сөздер:
толеранттылық, мораль, адамгершілік, құндылық- тар, мәдениет, қоғам, білім, коммуникация, медиа, құндылық, бірегейлік, тәрбие.Аңдатпа
Мақала толеранттылықтың қалыптасуындағы тұлға мен қоғам- ның рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтарының рөлі- не кешенді мәдени-философиялық сараптама жасауға арналған. Толеранттылықтың әлеуметтік құндылық ретінде қалаптасу барысын- дағы рухани-психологиялық, рухани-адамгершілік құндылықтарының рөлі көрсетілді. Мәдени ортада, білім саласында, әлеуметтік құры- лымдар мен институттарда және әлеуметтік субъектілердің қарым- қатынастарында әлеуметтік құндылықтар мен толеранттылық құндылықтардың қалыптасуының факторлары мен мазмұндық ұста- нымдары анықталды.
