Ф/М (философия/мәдениеттану) Қазақ күйі мәдениет философиясы контекстінде: музыкалық ойлау және архетиптік мағыналар

Авторлар

  • Г. Темиртон Национальный музей Республики Казахстан, г. Алматы, Казахстан

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp96220269

Аңдатпа

Мақалада көркем (музыкалық, музейлік, фольклорлық), этнографиялық және ғылыми-теориялық дереккөздерді, сондай-ақ орындаушылық дәстүрлерді кешенді талдау негізінде тыңдаушының дәстүрлі қазақ аспаптық музыкасын қабылдау ерекшеліктері қарастырылады. Халық күйлерінің, соның ішінде аңыз-күйлердің мағыналы және эмоционалды-мәнерлі сипаттамаларына ерекше назар аударылды. "Күй" түріндегі қазақ аспаптық музыкасы адам өмірінің әртүрлі деңгейлерін бейнелейтін көп өлшемді – физикалық, эмоционалды, рухани және моральдық – мәдени-философиялық категориялар ретінде түсіндіріледі. Зерттеу мақсаты – қазақ аспаптық музыкасын қабылдау ерекшеліктерін зерделеу және оны мәдени, эмоционалдық, дүниетанымдық мағыналардың тасымалдаушысы ретінде ашу. Ғылыми жаңалығы – аңыз-күйдің көп өлшемді мәдени-философиялық категория ретінде ұсынып, саналы және бейсаналық деңгейлерге әсерін ашуда, сондай-ақ олардағы архетиптік бейнелерді анықтауында. Зерттеу әдістемесі: музыкалық материалдың экспрессивті құралдарын (ырғақ, интонация, дыбыстық құрылымы) құрылымдық-семантикалық талдаудағы кешенді пәнаралық тәсілі; аңыз-күйдің эмоционалды көңіл-күйді, дүниетаным мен құндылық көзқарастарды трансляциялау құралы ретінде герменевтикалық және интерпретациялық талданылуы; күйді өмірлік жағдайлар мен ішкі тәжірибенің тұсаукесері ретінде талданып, қарастырылуында. Аңыз-күйлер сарынында көшпенділік болмыстың экзистенциалды моделі, жанды табиғат, өмірлік сынақтардың желістері және т.б. әмбебап семантикалық құрылымдар бекітілген архетиптік бейнелерді талдауға ерекше назар аударылды.

Бұл зерттеу «күй» дәстүрлі музыкасының ритмо-интонациялық құрылымын талдау арқылы оның әлемнің нақты дыбыстық моделі («звуковая модель мира») ретінде түсіндірілетін мәдени кодтарын анықтауғада бағытталған.

Осылайша, «аңыз-күй» ұғымы қазақтардың ұжымдық тәжірибе мен шындықты көркемдік түсінудің нысандарын жинақтайтын ауызша дәстүрінің мәдени әмбебап өзегі ретінде қарастырылады. 


Түйін сөздер: дәстүрлі музыка, «аңыз-күй», мәдени универсалийлер, мифологиялық ой, символ, архетиптер.

Автор өмірбаяны

  • Г. Темиртон, Национальный музей Республики Казахстан, г. Алматы, Казахстан

    доктор PhD, ГНС Отдела антропологии и этнологии Национального центрального музея Республики Казахстан, г. Алматы, Казахстан, E-mail: gt_csmrk@mail.ru, ORCID – https://orcid.org/0000-0003-1881-9156.

     

Жарияланды

2026-06-20