Философское осмысление теории интонации А. Байтурсынулы

Авторлар

  • Ж.З. Балмагамбетова
  • Т.Ю. Лифанова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0003-2269-1255
  • Н.С. Кирабаев Российский университет дружбы народов имени Патриса Лумумбы г. Москва, Россия https://orcid.org/0000-0002-0192-6337

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp96220263

Аңдатпа

Мақалада интонация мәселесі тіл философиясы контексінде қарастырылып, тек фонетикалық құбылыс ретінде емес, мағынаның іргелі өлшемі ретінде түсіндіріледі. Бұл жұмыс қазақтың ғалым-ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Әдебиет танытқыш» еңбегінде сипаттаған қазақ интонациясын философиялық тұрғыдан пайымдауға арналған. Қазақ тілінің просодикалық жүйесін зерттей отырып, Байтұрсынұлы ырғақ, жорғақ, шумақ, тармақ, бунақ және айшық сияқты категорияларды анықтап тұжырымдау арқылы тілдің ритмикалық-интонациялық ұйымдасуының тұтас сипаттамасын ұсынды. Мақалада ағартушымыз сипаттаған интонацияның сөйлемді ойға айналдыруда және коммуникативтік үдерісте иллокутивтік күштің жүзеге асуына негіз болатын құрылымдық рөл атқаратыны тұжырымдалады. Мәселе тіл философиясындағы басты пікірталастар аясында қарастырылады, соның ішінде пропозициялық мазмұн мен иллокутивтік күштің айырмашылығы, семантика мен прагматиканың өзара байланысы, сондай-ақ мағынаның контекстке тәуелді толық анықталмауы мәселелері талданады. Интонацияның мағыналық құрылымның қалыптасуына қатысатыны талданады.. А. Байтұрсынұлының интонологиялық жүйесі сөйлеу барысында мағынаның іске асу формаларын сипаттауға бағытталған философиялық ұмтылыс ретінде қарастырылады. Бұл теорияны философиялық тұрғыдан зерделеу қазақ тілінің интонациялық құрылымын, сондай-ақ оның мағына, ойлау және тілдік сананы қалыптастырудағы рөлін жүйелі түрде түсінуге мүмкіндік береді. Кең мәдени-теориялық тұрғыдан алғанда, мұндай көзқарас қазақ тіліне ғылыми қызығушылықты арттырып, оның ұлттық-мәдени бірегейліктің маңызды тірегі ретіндегі мәнін айқындайды. Интонация мағынаның модальдық, прагматикалық және экспрессивтік қырларын айқындайтын әрі тілдік форма мен сөйлеу әрекетін өзара байланыстыратын құрал ретінде түсіндіріледі. Қорытындысында, просодия мағынаның жүзеге асуының құрылымдық алғышарты болып саналып, сөйлеу тәжірибесінде оның онтологиялық іске асуына қатысады.

Ключевые слова: интонация, философия языка А. Байтурсынова, казахская интонация, ритм, импликативный и экспликативный мир, резонанс.

 

Автор өмірбаяндары

  • Ж.З. Балмагамбетова

    докторант кафедры философии факультета философии и политологии, Казахский национальный университет им. аль-Фараби (Алматы, Казахстан, е-mail: balmagambetova_z@live.kaznu.kz, ORCID: https://orcid.org/0000-0002-8399-0091).

  • Т.Ю. Лифанова, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, г. Алматы, Казахстан

    Кандидат философских наук, доцент кафедры философии факультета философии и политологии 

  • Н.С. Кирабаев, Российский университет дружбы народов имени Патриса Лумумбы г. Москва, Россия

    Доктор философских наук, профессор, заведующий кафедрой истории философии РУДН

Жарияланды

2026-06-20