Білім берудегі теңсіздік мәселелері: ауыл және қала мектептеріндегі мәдени-әлеуметтік айырмашылықтар туралы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp96220265Аңдатпа
Бұл мақалада Қазақстанның қала және ауыл аймақтарындағы балалардың әлеуметтік және мәдени дамуына әсер ететін материалдық, әлеуметтік және инфрақұрылымдық факторларға талдау жасалынды. Ел үкіметі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына айтарлықтай ресурстар жұмсағанымен, ауыл және қала аймақтарындағы өмір сүру сапасы әлі де теңсіздіктің бар екенін, атап айтқанда жасөсіпірімдерге жасалған мүмкіндіктерде, білімге қолжетімділік пен оның сапасында әлі де теңсіздік бар. Президент Оқу-ағарту министрлігіне табысы төмен отбасылардан немесе қиын әлеуметтік жағдайларда жұмыс істейтін және төмен нәтиже көрсететін мектептерден келген балалардың академиялық артта қалуын еңсеру үшін арнайы бағдарламалар әзірлеуді және іске қосуды тапсырды. Бұл зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтады. Зерттеу тақырыбының өзектілігіне байланысты мақаланың мақсаты қала және ауыл мектептеріндегі әлеуметтік және мәдени айырмашылық факторларын анықтау, талдау жасау. Мақаланың талдау бөлімінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ШЖМ дамыту орталығының деректері, А. Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» Ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығының Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің ахуалы мен дамуы туралы ұлттық баяндамасы, ҚР Ұлттық Статистика бюросының мәліметтері және PISA-2022 халықаралық зерттеулерінің нәтижелері қолданылды. Зерттеуде жүйелік тәсіл, салыстырмалы талдау, жалпылау және жүйелеу әдістері қолданылады. Мақалада ауыл және қала мектептері арасындағы әлеуметтік және мәдени теңсіздікті жою бойынша шаралар ұсынылады.
Түйін сөздер: әлеуметтік даму, білім берудегі теңсіздік, білім беру жүйесі, аймақтық ерекшеліктер, әлеуметтік-мәдени сын-қатерлер
