Мәдени зерттеулер тұрғысынан қазақ дәстүрлі демалыс түрлері

Авторлар

  • Х. Смағұл Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0002-2196-934X
  • Д. Жаркимбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-9814-1340
  • С. Есенова Калгари университеті, Калгари қ., Канада https://orcid.org/0000-0003-2936-3027

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp5942025

Аңдатпа

Демалыс құбылысы – адамзаттың еңбек мәдениетінің құрамдас бөлігіне жататын көне үдеріс. Бірақ демалыстың ғылыми тұрғыдан зерттелуі әлеуметтік ғылымдардың даму кезеңінен бастау алады. Ғылыми ортада «бос уақыт машиналы өндіріс пайда болғаннан бері бар» – деген пікір бір ауыздан мақұлданған. Бұл жағдай ортағасырлық өмір салтын ығыстырған капиталистік құрылымның ықпалымен кәсіпорындардағы жұмыс күні мен демалыстың бірдей режимге келтірілуімен және «жүйелі бос уақыттың» пайда болуымен түсіндіріледі.

Ортағасырлардағы қазақ мәдениетіндегі демалысты мәдени зерттеу тұрғысынан талдау зерттеудің негізгі мақсатын анықтайды. Зерттеу нәтижесіндегі мәліметтер қазақ мәдениеті туралы еңбектердің мазмұнын өзгеше ойлармен байыта түсіп, басқаша ойлайтын зерттеушілердің назарын аударуы, қазақ дәстүрлі демалыс мәдениетінің жіктемесін, жаңа моделін жасап шығаруға ықпал етуі мүмкін.

Мақала тақырыбының жаңалығы – Қазақ дәстүрлі демалыс түрлерінің болмысына мәдени зерттеу тұрғысынан сараптама жасалуында. Жұмыста герменевтикалық сараптама, тарихи салыстыру, модельдеу әдістері қолданылды. Мақалада анықталған көне демалыс түрлерінің кейбірін жұмыстағы үзілісте, күнделікті тұрмыста ойын ойнап демалуға қажеттілік туындағанда пайдалану ұсынылады.  

Түйін сөздер: еңбек, демалыс, балалар ойыны, ересектер ойыны, инициация рәсімі

Автор өмірбаяндары

  • Х. Смағұл, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты, smagul@bk.ru;

  • Д. Жаркимбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының доценті, dana_3691@mail.ru

  • С. Есенова, Калгари университеті, Калгари қ., Канада

    Калгари университеті, антропология және археология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, sbyessen@ucalgary.ca

Жүктеулер

Жарияланды

2026-01-18