Әбу Мансур әл-Матуридидің таным теориясы (назарият әл-ма’рифа)

Авторлар

  • А. Б. Әкімханов

Кілт сөздер:

Таным теориясы/эпистемология, таным қайнаркөз­ дері, сезім мүшелері/(’иан/хауасс), «ақыл»/(назар/истидләл), «хабар», «мутауатир хабар», «ахад хабар».

Аңдатпа

Мақалада имам Әбу Мансур әл Матуридидің «таным» теориясы баяндалады. Имам Матуриди өз ілімін «таным» теориясына негіздеген ең алғашқы мұсылман теолог. Бізге жеткен классикалық діни еңбек­ тер арасында кіріспесінде «таным» мәселесі тілге тиек етіліп, таным­ ның субъектілері мен объектілеріне толыққанды сипаттама беріліп, талдау жасалған ең көне теологиялық еңбек – Матуридидің «Китаб әт-таухид» атты еңбегі деуге толық негіз бар. Матуриди танымға не­ гізделген діни және ахлақи жүйе қалыптастыруды мақсат тұтқандық­ тан «таным» мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Өйткені оның пайымда­ уынша, нағыз берік дін – соқыр сенім мен құр еліктеушілікке емес, білім мен дәйекті дәлелге сүйенген дін.

Жүктеулер