Қытайда ислам дінін қабылдаған этникалық топтар
Кілт сөздер:
ислам, этникалық топ, азұлттар, дін, дәстүр, мешіт.Аңдатпа
Мақалада авторлар Қытайда ислам дінін қабылдаған 10 ұлттың ресми түрде мұсылман өкілі болып қалыптасып, дамып, нәтижесінде ислам діні қытайлардың дәстүрлі мәдениетіне өзіндік әсер ету үрдісін көрсетеді. Қытайдағы ислам діні жағдайынзерттеу маңызды, өйткені ол ислам дінін қабылдаған азұлттардың дәстүрлі мәдениетін, тілін, ділін анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар исламның Қытай жеріне таралуы мен дамуы қанатын кеңге жайған исламның тарихына енетін күрделі де өзекті тарих болып саналған. Қытайдағы ислам дінін қабылдаған аз ұлттардың өзара ынтымақтастықта бірге өмір сүруіне ислам мәдениеті өзінің игі әсерін тигізіп келеді. Ислам діні этникалық топтардың өзара сұхбаттастығын қамтамасыз етуші құндылық деуге толық негіз бар.
