Қазақ мектептерін дамыту стратегиясы – «мәңгілік ел» ұлттық идеясы

Авторлар

  • Д. Т. Курманалиева
  • Ж. Д. Датка

Кілт сөздер:

ұлттық идея, білім беру жүйесін жетілдіру, мемлекет тілі, білім беру тілі, құзыретті органдар

Аңдатпа

2014 жылы 17 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Мәңгілік ел» патриоттық актісін өңдеуді және қабылдауды ұсынды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы – бұл ерекше бір білім беру жүйесін жетілдіру уәждемесі. Себебі, қазақ тіліне деген қызығушылық тапжылмай өсуде, яғни бұл қазақ тілі – біздің мемлекетіміздің тілі, ғылым, білім тілі дегенді білдіреді. Бірақ, өкінішке орай, 2013/2014 оқу жылының қорытындысы бойынша өткен жылмен салыстырғанда жалпы мектеп саны 1 %-ға төмендеген. Және де бұл оқушылар санының өткен жылмен салыстырғанда 1,9 %-ға өсуіне қарамастан. Сонымен қатар, өткен жылы қазақ тілін меңгеруге бағытталған сағаттар саны қысқарған болатын, осыған байланысты, барлық мектептерде, оның ішінде қазақ, орыс және аралас мектептерде қазақ тілін меңгерту бойынша сағат санын кеміту емес, керісінше көбейту керек.

Жүктеулер