Әлемдік астаналардың мәдени дамуын компаративистік талдау

Авторлар

  • М. М. Манасова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • А. А. Мұханбет Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • С. К. Кенжебаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

қала, мәдениет, әлемдік астаналар, компара-тивистика, Астана.

Аңдатпа

Берілген мақалада қаланың дамуындағы мәдениеттің рөлі анықталады. Әлемдік астаналардың әлеуметтік-экономикалық жағ-
дайына, архитектуралық бейнесіне, мәдени ерекшелігіне салыс-тырмалы талдау жасалады. Елордалық қалалардың пайда болуы және қала мәдениеті феноменінің жан-жақтылығы қарастырылады. Қойылған мақсат келесі міндеттемелер арқылы жүзеге асырылады: біріншіден, қаланы мәдениеттанулық бағытта зерттеген ғалымдар зерттеулеріне тұжырымдама жасалады; екіншіден, әлем қалаларының функционалды ерекшелігі мен тарихи дамуы, қазіргі қала сипаттары анықталады; үшіншіден, астаналар ауысуының ел дамуына әсері қарастырылады. Мақала авторлары қаланы әлеуметтік-экономикалық жүйенің бөлшегі ретінде көрсетеді. Қолданылған теоретикалық және әдіснамалық бағыттар қалалар мәдениетінің дамуында негізгі тенденция ретінде қолданылады.

Жүктеулер