Жаһандану - процесс ретінде және оның жастар құндылықтарына тигізетін ықпалы
Кілт сөздер:
жаһандану, модернизация, құндылықтар, жастар, қоғам болашағы.Аңдатпа
Бұл мақала жаһандануды процесс ретінде қарастырады, сонымен қатар, жаһанудың анықтамаларын береді және жаһанданудың жастар құндылықтар жүйесіне тигізетін ықпалын зерттейді. Жаһанда- ну, жалпы, бүкіләлемдік экономикалық, саяси және мәдени біріктіру процесі ретінде анықталады. Жаһандану экономикалық және техно- логиялық процестерді стандарттау құбылысы ретінде және әртүрлі елдер мәдениеттерін біріктіру құбылысы ретінде қарастырылады. Мемлекет экономикалық тиімсіз, халық дәстүрлерін сыйлаусыз жә- не жастардың мүдделерін ескермеу арқылы демократиялық қоғам- ды қалыптастыра алмайды. Жастарды зерттеу мәселесі болашақты түсіну кілтімен байланысты. Жас буын басқа буындарға қарағанда «уақыт рухын» жақсы түсінеді және қабылдайды, ол «рухтың» жал- ғандығын және шынайылығын анықтайды және танып біледі.
