НАРРАТИВ И ДЕТСКАЯ ИГРА В СИСТЕМЕ ТРАДИЦИОННОГО ВОСПИТАНИЯ КАЗАХОВ: ОСМЫСЛЕНИЕ В КОНТЕКСТЕ НОВЫХ РЕАЛИЙ
DOI:
10.26577/jpcp.2021.v75.i1.01Аңдатпа
Тәрбиенің әдістері мен құралдары – кең таралған және зерттеушілердің назарын үнемі аударып отыратын тұрақты ғылыми құбылыс. Бұл үдерісте мақала авторлары барынша кең мағынасында материалдық емес мәдени мұра ретінде қолданып отырған дәстүрлі қоғамдағы тәрбие әдістеріне де аса зор мән беріледі.
Қолыңыздағы мақалада авторлар материалдық емес мәдени мұраның рөлін, соның ішінде дәстүрлі қазақ қоғамындағы нарратив (ауыз әдебиеті) пен ойындардың бала тәрбиесіндегі орнын қарастыра отырып, оларды қазіргі күнгі өмір салтында қолдану мүмкіндіктері мен маңызын негіздеуге тырысады. Сол себепті де бұл зерттеу нысаны тарихи-жүйелілік тәсілдемесі тұрғысынан келесідей проблемалар маңына шоғырланған: фольклордың жас ерекшелігіне қатысты түрлері мен жанрлары, олардың синхрондылығы, сондай-ақ, бала ойындарының дәстүрлі қоғамда әлеуметтену факторы ретіндегі алатын орнын зерделеу мәселелері.
Сонымен бірге, мақала авторлары қазақстандық заманауи орта білім беру салаларының материалдық емес мәдени мұраны тұтастай зерттеудегі рөлін, маңызы мен әлеуетін айқындауға да мән береді.
Мақаланың негізгі мақсаты дәстүрлі қоғамдағы ауыз әдебиеті мен ойындардың тәрбиелік мән-маңызын айқындап, қазақстандық материалдық емес мәдени мұраны жалпы білім беретін мектептердің заманауи оқу-тәрбие үдерісінде қолданудың жолдарын анықтау.
Ұсынылып отырған ракурсты оқушыларды оқытудың тағы да бір жаңа стратегиясы ретінде Қазақстандағы ресми және бейресми білім беру шеңберінде іске қосудың жолы ретінде қарастырған жөн.
Кілттік сөздер: нарратив, балалар ойындары, дәстүрлі тәрбие, материалдық емес мәдени мұра, жаңа шынайылықтар, Қазақстан.







