Жаңа композиторлық техникалар және заманауи музыка генеалогиясы
DOI:
10.26577/jpcp.2020.v74.i4.04Аңдатпа
Мақала заманауи академиялық музыканың генеалогиясымен ең жаңа композиторлық
әдістердің дамуы туралы. Ғылыми жетістіктермен өнердегі өзгерістер арасында параллельдер
жүргізілген. Бұл процестер автордың жеке тәжірибе призмасы арқылы сипатталған. Музыканың
әлемдік премьералары өтіп, заманауи стилі жетілдіріліп, болашағы туындап қалыптасатын
бірқатар Еуропалық орталықтар аталып өткен. Сол, Impuls (Грац қ., Австрия), Санта-Чечилия
Академиясы (Рим қ., Италия), Джузеппе Верди атындағы Милан консерваториясы (Италия),
Ч. Поллини атындағы Падуя консерваториясы (Италия) сынды орталықтарда жаңа музыканың
авторлары және сәулетшілерімен бір деңгейлі толқында талқылау мүмкіндігіне ие болғаны аталған.
Жаңа музыка контексінде, авторлық шығармаларын құрылымдық талдау мысалдары негізінде,
аспаптарда ойнаудың жаңа техникасының болуы мен дамуының әдістері мен тұжырымдамалары
көрсетілген. Кеңейтілген әдістерді қолдану соло флейтаға арналған «Omaggio a Ivan Fedele» (Иван
Феделеге кұрмет) мысалмен көрсетілсе, заманауи партитураның бастапқы музыкалық материалын
түсіну шеберлігі фортепиано мен оркестрге арналған «Tears of Silence» (Тым-тырыстың тырсылы)
концертінде талданған. 11 музыкалық аспапқа (флейта, гобой, кларнет, фагот, труба, үшбұрыш,
үлкен барабан, там-там, вибрафон, фортепиано, бірінші және екінші скрипка, альта, виолончель)
арналған «Ombre del Vuoto» (Бос кеңістіктің көлеңкесі) мысалында «campo armonico» (үйлесімді
орта) функциялары қарастырылған. Музыкадағы уақытты ұйымдастырудың жаңа әдістері 5
инструментке (флейта, кларнет, альт саксофон, виолончель, фортепиано) арналған «Serenata di
stelle invisibili» (Көрінбейтін жұлдыздар серенадасы) мысалында сипатталған. Композиторлық
және әртүрлі аспаптарда орындау техникалар арасындағы корреляция туралы, музыкалық уақыт-
кеңістіктің жаңа тембро-фактура координатасының пайда болуы жәйлі баяндалған.
Түйін сөздер: заманауи музыка, авангард, сонористика, микротондар, мультифониктер.







