ХХІ ғасырдың басы Қазақстан станоктік кескіндемесіндегі натюрморттік жанр дамуының жаңа беталыстары

Авторлар

  • Kayranov Ye. B. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы image/svg+xml
  • Baygazina A.M. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы image/svg+xml
  • Umbetova K.Zh. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v72.i2.04

Аңдатпа

Мақалада ХХІ ғасыр басында Қазақстанның станоктік кескіндемесіндегі натюрморттік жанр
дамуының жаңа беталыстары қарастырылады. Өнерде өзінің «жеке тұлға жасампаздығын» және
өз ой-сезімін жеткізу еркіндігін іздеу барысында суретшілер түрлі жанрларда шығармашылық
эксперименттер жасайды. Бейнелеу өнерінде көптеген суретшілер натюрмортқа жиі назар
аударып, станоктік кескіндемеде өз жолын тауып жатады. Олардың кейбірлеріне натюрморт
дүниені қабылдау мен рухани қызығушылық басым келетін негізгі жанр ретінде келсе, басқаларға
өзінің стилін іздеу мен шеберлігін арттыру құралы болып табылады. Натюрморт арқылы
шығармашылықтағы жетістіктерімен шабыттанған олар әртүрлі көрмелер мен сайыстарда өз
туындыларын ұсынып, жеке көрмелер де ұйымдастырады. Сол себепті, көптүрлі қолтаңбалары
мен даралығымен ерекшеленетін белсенді тұлғалардың натюрморт туындыларына талдау
жүргізіледі. Алматы қаласы мысалында елдің заманауи суретшілері шығармашылығындағы
натюрморттық жанрдың маңыздылығы зерттеледі. ХХІ ғасыр басында Қазақстанның станоктік
кескіндемесіндегі натюрморттық жанр дамуына қосқан олардың үлесі белгіленеді. Натюрмортта
бейнелеу өнердің басқа жанрларынан әлдеқайда көбірек келетін, материалдық әлемнің байлығын,
жердің жомарттығын, өмір туралы философиялық ойларды жеткізудің үлкен мүмкіндіктері
жасырынуда.
Түйін сөздер: станоктік кескіндеме, натюрморттық жанр, суретшілердің шығармашылығы,
бейнелеу өнері, ХХІ ғасыр басы.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-02