Әлеуметтік психологияның көзқарастары мен алғышарттарын зерттеу контексіндегі дінаралық білім

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v72.i2.03

Аңдатпа

Мақалада дінаралық білімнің әлеуметтік психология контексіндегі алатын орны сарапталады.
1990 жылдардан бастап дінаралық білім діни білім туралы пікірталастардың ажырамас бөлігіне
айналғандықтан, оның қоғамға деген ықпалын зерттеу қазіргі әлемде өте өзекті болып отыр.
Авторлар діни білім үшін психологиялық теориялардың теріс пікірінің мағынасын зерттемес
бұрын алдымен қарым-қатынастың, теріс пікірдің діни білімнің негізін құраушы концепциялардың
әртүрлі әдістерін түсінуді белгілеп алу қажет екендігіне мән береді. Сонымен қатар зерттеу
барысында теріс пікір діни білім және діни теріс пікірлер жайлы әлеуметтік-психологиялық
теориялардың арақатынастары туралы сұрақтар қамтылған. Бұл теориялар келесі қатынастылықта
көрініс тапқан: діни теріс пікірлер «категориялау мәселесі» (танымдық теориялар)ретінде, діни
теріс пікірлер сәйкестілік мәселесі ретінде (әлеуметтік сәйкестілік теориясы) және діни теріс
қылықтар әлеуметтену мәселесі ретінде (әлеуметтік білім алу теориясы).
Авторлар қоғамдағы теріс пікірлердің пайда болуы туралы ойтолғап, рассалық, этникалық
және гендерлік теріс пікірлер өмір сүрудің ең бастапқы кезеңінде пайда болады деп есептейді.
Діни теріс пікірлер өз алдына адам діндер туралы спецификалық теріс пікірлер мәдениетімен
қатар әлеуметтенудің «толығымен қалыпты» жағдайының нәтижесінде пайда болады.
Түйін сөздер: дінаралық білім, теріс пікірлер, әлеуметтік сәйкестілік, әлеуметтену.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-02