М.Х. Дулати шығырмашылығындағы ұлттық тарих философиясын зерделеудің концептуалдық негіздері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v72.i2.01

Аңдатпа

Бұл мақалада ұлттық дамудың негізі ретінде ұлттық код пен ұлттық сәйкестікті жаңғырту
мақсатында философияның ұлттық тарихын зерттеудің маңыздылығы қарастырылады. Осы
тұрғыдан алғанда орта ғасырдың ұлы ойшылы М.Х. Дулати шығармашылығының тұжырымдамалық
негіздері талданады. Ұлттық тарихтың кез келген кезеңіндегі терең білім, сонымен қатар оған
лайықты және шынайы баға беру халық үшін жарқын болашақты уәде етеді, соған байланысты
М.Х. Дулатидің философиялық көзқарастарының тарихи-философиялық маңыздылығын жан-
жақты зерттеудің қажеттілігі маңызды. Бүгінгі жұмыстың негізгі тұжырымы түркі өркениеті
үшін өзіндік мәдениеттің алдыңғы талпыныстарын жан-жақты зерттеу қажеттілігі мен
Шығыстың мәдени және тарихи құндылықтары жүйесінің тұжырымдамалық негіздерін анықтау
қажеттілігі болып табылады. Сонымен қатар, жаһандану дәуіріндегі қазақстандық қоғамның
өзекті мәселелері және түркі өркениеті ұлттық мәдениетті дамытуда өте қажетті құрылым
болып табылатын факторларды жақындастырады. Авторлар, атап айтқанда, М.Х. Дулатидің
философиялық мұрасын терең талдауға, ұлттық философияда дулатацияны дамытуға сәйкес
мәдени және тарихи құндылықтарды зерттеудің жолдарын айқындады.
Концептуалдық негіз ретінде бүгінгі дамуымызда сүбелі үлеске ие тарихи оқиғалар, тарихи
тұлғалар, өткеннің салауатын дәріптеу алынуы тиіс деп ойлаймын.
Түйін сөздер: ұлттық тарих, концептуальдық негіз, Дулати, философия, құндылық, өркениет.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-07-01