Түрік тұрақты сөз бірліктерінде «dünürlük» салт-дәстүрінің лингвомәдени аспектісі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.09

Аңдатпа

Дәстүрлі ассоциацияларды қамтитын отбасылық және туыстық мәдениет түркі қоғамында
берік негізге негізделген. Қазіргі таңда тіл мен мәдениет саласындағы көптеген зерттеу
жұмыстары, әсіресе әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге байланысты зерттеулер, түркі әлеміндегіұлттық түсінік пен өмір салты ұстанымын ашуға негізделеді. Дегенмен, лингвомәдени тұрғыдан
отандық әдебиетте түрік мақал-мәтелдері саласында зерттеулер жеткіліксіз. Бұл мақалада түрік
халқының «dünürlük» дәстүрі жалпы түркі әдет-ғұрпы контексіндегі оған тән сипаттары тұрақты
сөз тіркестер негізінде талданды. Мақаланың мақсаты түрік ұғымындағы «dünürlük» дәстүрінің
мәнін ашу және мазмұндық-тақырыптық жағынан топтастыру әдісімен түрік тұрақты сөз
тіркестерінің ерекшелігін анықтау болып табылады.
Мақалада «dünürlük»дәстүрінің өзектілігі мен алғышарттарын анықтауға мүмкіндік беретін сөз
тіркестерінің мысалдары, олардың аудармасы, мәні мен мағынасы берілген. Материалды талдау
негізі ретінде түрік тұрақты сөз тіркестерін лингвомәдени аспектіде салыстыруы жүргізілген.
Түйін сөздер: «dünürlük», түріктер, дәстүрлер, тұрақты сөз тіркестері, лингвомәдениеттану.

Жүктеулер

Жарияланды

2020-03-27