Антика кезеңіндегі діни шешендік өнердің дамуы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.07Аңдатпа
Бүгінгі уақытта классикалық риторика және қазіргі неориториканың тиімділігін, оның ықпалы мен тәсілдерін саралау. Мәселен, иландыру, сендіру жолдарын қарастыру. Бұл орайда антикалық кезеңді нысанға ала отырып, мәдени талдау жасаймыз. Антика кезеңіндегі шіркеу шешендік өнерінің дамуын саралау барысында шіркеу уағызында риторика құралдарын пайдалану және
сонымен қатар тыңдаушыға вербалды әсердің тиімділігін арттыру үшін гомилетиканың негізгі постулаттарын сақтау қажеттілігін байқадық.Гомилеттік көркем сөйлеу өнері зайырлы шешендікпен бірге жеке тұлғаның рухани мәдениетін қалыптастырудағы міндеті: біріктіруге, кей жағдайда қанды соғыстарға, қарама – қайшылыққа әкеп соқтыратын сөз агрессиясын алдын алатын құралы ретінде болуы тиіс.
Түйін сөздер: шешендік өнер, риторика, софистика, гомилетика, көркем сөйлеу, рухани, антика.
