Мәселе ретінде жалған-ғылыми категориясы: философиялық білімнің қайта өрлеуі тезисіне арналады
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.03Аңдатпа
Қазіргі уақытта жалған ғылыми категориясы, жүйелі философиялық ойлауды қажет ететіні көрсетілген. Мұндай жай, ең алдымен, өркениеттің дамуының қазіргі қажеттіліктерін қанағаттандыруды тоқтатқан ғылыми тәртіптік құрылымды қайта қарастыру қажеттілігімен анықталады. Яғни күн тәртібінде Рим клубы ұсынған Жаңа Ағарту туралы тезис, сонымен қатар пәнаралық кедергілерді жүйелі түрде жоюға бағытталған философиялық білімнің қайта өрлеуі туралы тезис қарастырылады. Қазіргі орнаған жағдайда, жекелеген нақты ғылымдар аясында жасалған ғылыми және жалған ғылыми критерийлері өркениеттің одан әрі даму қажеттіліктерін қанағаттандырмайды, жағдайды ұшықтыра түседі - осыған орай мәселені түсінудің жоғары сатысы, яғни философиялық деңгей қажет. Қазіргі кезеңде идеялық жүгін алып жүретін ғылыми жұмыстардың маңыздылығы артып, ал қарапайым және маңызсыз ғылыми жұмыстарды жалған-ғылыми деп қарастырып, екінші ретті басылымдары ретінде қабылдау абзал. Осыған орай, ұсынылып отырған «ғылыми -жалған ғылыми» идеясы оппозициялық түсініктеме деп аталып, қазіргі замандағы кейбір зерттеулердің жаңа және бағалы идеясыз, сонымен қатар ғылыми-бюрократиялық канондарына жауап беретін туындылармен бірге қарастырылып, О. О. Сүлейменовтың «Аз и Я» монографиясындағы идеялар негізіне жүгініп отыр.
Түйін сөздер: жалған ғылым, философиялық білімнің қайта өрлеуі, Жаңа ағарту, Рим клубы,
ғылымның тәртіптік құрылымы, пәнаралық кедергілер.
