Уақыттың өзгермелі рөлі және әлеуметтік дүние
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.02Аңдатпа
Философия және жаратылыстану ғылымдарындағыдай емес, уақыт әрқашан әлеуметтік зерттеулердің маңызды құрамдас бөлігі болды, себебі адам танымы дәлелдегендей, дүние үнемі бір ғана уақыт бағытында өзгеріп отырады және оны уақыт сызығы басқарады. Алайда әлеуметтік уақыт та өзгеріп отырады. Ол табиғат дүниесінде болып жатқан өзгерістермен,
сонымен қатар, адамның жеке психологиялық уақытымен байланысты. Кант пен Гуссерльдің классикалық ұстанымдары осы мәселені оның түпкі негізінен бастап шешуге көмектеседі. Қайта оралмастық тірі мақұлықтар тудырған әсер ғана емес, объективті табиғи құбылыс болуы әбден мүмкін. Біз уақытты пәнаралық тұрғыдан қарастыруымыз қажет. Араласу жылдамдығы біздің
өмірімізде әдетте күткендегіден азырақ маңызды болуы мүмкін, мысалы, заңға қатысты шешімдер қабылдаған кезде. Қазіргі қоғам өмірінің көптеген саласында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану аясында біз кездесіп отырған жалғыз өзгеріс – көптеген нәрселердің жылдамырақ өтіп жатқанында ғана болуы мүмкін. Алайда айтарлықтай маңызды айырмашылық
жоқ. Адам танымы өзгерді, оны жай ғана кеңістіктік және уақыттан тыс деп қарастыруға болмайды.
Түйін сөздер: уақыт сызығы, қайта оралмастық, заңға қатысты шешімдер, объективті уақыт, әлеуметтік уақыт, субъективті уақыт.
