Адамгершілік этикалық категориясы және еркіндік пен субъектінің жасампаздық ұғымы
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2020.v71.i1.01Аңдатпа
Мақалада адамгершілік, өнегелілік, бақыт, игілік т.б. категориялар субъектінің еркіндігі мен
жасампаздығы оның құндылықтарын қалау бостандығы міндеттілік ретінде талданады. Онда
жағымды да, жағымсыз да құндылықтарды таңдау мәдениеті деп анықталатын жеке адамның
адамгершілік парыз, жалпыадамзаттық игілік, бақыт сияқты еркін таңдаудың қасиеттеріне деген
ыңғайлығы арасындағы бірлік көрсетіледі. Мақаланың негізінде адамның ішкі рухани түйіні
және адамгершілік мазмұнын құрайтын Канттың еркіндік адамның түпкі мәні дейтін анықтамасы
жатады. Бұл тұрғыда ол априорлық сипатта, яғни қандайда болсын болған және болуы мүмкін
тәжірибеден тәуелсіз. Адамның өзі жасайтын әрі үнемі өзі өзгерте алатын таңдауы. Мақалада
Канттың адамгершілік адам өмірінің қозғаушы күші, ал ол моральдық борыш, яғни оның түпкі
өмірлік пейілі дейтін идеясы қолданылады. Автордың ойынша құндылықтар өмірдегі бар нәрсе
емес, болуға тиіс нәрсе, ал өнегелілік құндылықтар мен пейілдердің болмыстық немесе мінез-
құлықтық көрінісі. Олай болса еркіндік пен оның адамгершілік мазмұнын себептік-салдарлық
заңдылықтар тұрғысынан анықтауға болмайды. Бұл утилитаристік теориялар әдістемелерінің
жалған екенін көрсетеді.
Түйін сөздер: адамгершілік, өнегелілік, жалпы игілік, бақыт, барлық, құқық және еркіндік.
