Қазақстанда исламның радикалдануы: себептері мен қайнар көзі
DOI:
10.26577/jpcp.2019.v69.i3.014Аңдатпа
Мақалада діни радикализмнің қайнар көздері қарастырылған. Автор Қазақстанда ислам дамуының сыртқы факторларын жан-жақты ашып көрсеткен. Сыртқы ықпалдың әсерінен «жаңа мұсылмандар» феномені пайда болды. Олар үшін өз ұлты мен этникалық топтың мүшесі болғаннан гөрі жаһанды мұсылман қауымының мүшесі болу маңызды. Сонымен, қазақстандық қоғамда исламның мәртебесінде үлкен өзгерістер болды – ислам қоғамда діни идеология ретінде өз орнын тапты. Өз кезегінде жаңа мұсылман уммасы дәстүрлі этномәдени және діни құндылықтарды қабылдамайтыны, мемлекеттің зайырлы құрылымын мойындамайтыны, олардың қазақстандық қоғамға бірігуінде қиындықтарға алып келеді. Мемлекеттің қатаң секулярлық саясаты жағдайды одан бетер ушықтырып отыр. Ол діндар мен дәстүрлі емес исламды ұстанушыларды әлеуметтік шеттетуге алып келеді, олардың мемлекет дінге дұшпандық қатынаста деген көзқарасын бекітеді де олардың оппозициялық лагерьге өтуге септігін тигізеді.
Түйін сөздер: діни радикализм, исламизм, исламның жаңғыруы, реисламизация.







