Абайтану мәселесі: кейбір шетелдік зерттеулерде
DOI:
10.26577/jpcp.2019.v69.i3.02Аңдатпа
Әлемдік мәдениеттер тоғысуы жаңа мағынаға ие болуда. Осы тұрғыда әрбір халық, һәм ұлт өзіндік құндылықтарын әлемдік қауымдастыққа ұсынуда. Қазіргі қазақ қоғамының да сол кеңістікке ұсынар дүниелері бар. Алдымен адамзатқа ой салған айтулы тұлғаларымызды айтамыз. Біз үшін, ғаламдық деңгейдегі тұлғалар қатарында көрсететін бірден-бір тұлға – Абай Құнанбайұлы. Абайдың терең мағыналы шығармашылық мұрасы көп қырлы қазақты дүние жүзіне танымал етті. Адамзаттық санаттағы ойшылды бүкіл әлемдік қауымдастыққа ортақ ізгілік дәнін себуші тұлға ретінде қабылдаймыз. Бүгінгі күні оның мұрасы гуманитарлық білім бағытында жан-жақты зерттеліп жатыр. Абайдың адамгершілік құндылықтар туралы ілімін зерттеушілер қатары көбейсе де, әлі де ашылмаған қырлары бар. Соның ішінде батыс қоғамының Абайды, сол арқылы қазақ және түркі әлемін танудағы ой-пікірлері мен түсініктері өзекті мәселелердің қатарында. Бұл мақалада хакім Абайдың батыс мәдениетіндегі орнын айшықтаған шетелдік ғалымдардың еңбектерін талдау арқылы белгілі ой-тұжырымдарды ұсыну қарастырылған. Мақаланың мақсаты қазақ қоғамының ғаламдық кеңістіктегі тарихи орнын, Қазақстан мен Орталық Азияның сарқылмас құндылықтарын, оның әлемдік өркениетке ұсынар құндылықтарының ағылшын тілді мәдени кеңістікте қабылдануын түйіндеу. Мақаланың нәтижесіне қол жеткізуде тарихи әдіс, танымдық, жүйелілік, сараптама әдістері қолданылды. Қазақ мәдени көріністерінің жаңа мазмұнда заманауи ағымдағы әлемдік көшке ілесуі және онда өзіндік тұрақты орын алуы қазіргі ғылыми айналымда жан-жақты зерттелуде екендігі қорытындыланады.
Түйін сөздер: Абайтану, қазақ, ойшыл, ұлт, идея, мәдениет, құндылықтар, тоғысу, өркендеу.







