Қазіргі заманғы философиядағы ақпараттық кеңістік ұғымын зерттеу ерекшеліктері
DOI:
10.26577/jpcp.2019.v69.i3.01Аңдатпа
Қазіргі заманғы көптеген өзекті мәселелерге әлеуметтік-философия жауап іздейді. Әлемде өзгерістер көп. Бір мемлекет дамудың, енді бірі құлдыраудың алдында. Бірақ, соған қарамастан даму жолына түскен елдер бар. Мемлекет дамыған сайын, соған сәйкес түрлі мәселелер пайда болады. Қоғамның басты дамуы – уақыт көрсеткіші. Ал уақыт пен кеңістік қатар келетін ұғым. Сондықтан, кеңістіктегі болмыс пен қарым-қатынас ақпараттық ортаны қалыптастырған. Қазіргі ақпараттық кеңістіктің өзіне тән ортақ мәселелері де баршылық. Әлем халқы шекарасыз ақпараттық кеңістікте өмір сүріп жатқандай. Өйткені, ғаламтор ғаламдық ортақ желіге айналғалы қашан. Әр елдің өз ақпараттық кеңістігі болғанымен, ақпараттық кеңістікке деген кең көзқарастың әлі толық зерттелмегенін байқаймыз. Сонда, ақпараттық кеңістік шексіз, әрі әлемдік деңгейде болғаны ма? Ақпараттық кеңістік сондықтан да, бүгінгі ақпараттық қоғамның басты ортасы. Біздің түрлі теле-радио, ұялы байланыстарды қолдануымыз, бір-бірімізбен әлеуметтік желі арқылы виртуалды сөйлесуіміз, сананың сандық техникаға шырмалуы алаңдатарлық жағдай. Ақпарат – сағат сайын емес, сәт сайын жаңаруда. Дәстүрлі БАҚ – бұл жылдамдыққа ілесе алмай, сапасыз, жалған ақпараттарға есе жіберіп отыр. Бұл да медиа әлемінде қалыптасып отырған ақпараттық кеңістіктің бүгінгі проблемалары. Сондықтан, мақалада осы ақпараттық кеңістіктің жүйелік әдіснамасының негізгі ұғымдары мен ақпараттық кеңістікті зерттеу үшін құрал ретінде қолданылатын әдіс-тәсілдер қарастырылған.
Түйін сөздер: ақпараттық кеңістік, ақпараттық қоғам, ақпараттық жүйелеу, виртуалды коммуникация.







