Ұлттық идея қоғамды жаңғырту факторы ретінде: шетелдік және отандық тәжірибе
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.024Аңдатпа
Мақалада мемлекеттің біртұтас құндылықтарының, мұраттарының, оның барлық азаматтары
қолдап, дем беретін мүдделерінің жүйесі ретінде ұлттық идеяға талдау жасалған. Ұлттық идеяның
маңыздылығы еліміздің бүкіл халқын біртұтас біріктіріп, қоғамды стратегиялық мақсаттарға
жетуге жұмылдырудағы рөлінен көрінеді. Автор ұлттық идеяның тереңде жатқан социомәдени
негіздермен, ең алдымен дәстүрлі дінмен, діни наным-сенімдермен, этикалық нормалармен,
жергілікті дәстүрлермен, халық ділінің ерекшеліктерімен, тарихи жағдаятпен сәйкестігін
зерттейді. Жұмыста бірқатар елдің мысалында ұлттық идеяның тұжырымдалуы діни, мәдени-
өркениеттік тамырларына сүйенген шетелдік тәжірибе зерделенген. Сонымен қатар ұлттық
идеяның өткендегі және қазіргі мәнін түсініп ұғынудың отандық тәжірибесі де зерттелген. Жалпы
алғанда, ұлттық идеяның қоғамдық сананы оятудағы, ұлттық бірегейлікті нығайтудағы, қоғам
мен мемлекетті реформалаудағы, оларды жаңғырту мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы
көпқырлы позитивті рөлі көрсетілген.
Түйін сөздер: ұлттық идея, құндылықтар, мұраттар, дін, жаңғырту.
