Топан су жайлы байырғы түркілердің мифтік аңыздары
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.015Аңдатпа
Бұл мақала әлемге кең тараған топан су жайлы аңыздарды саралай келе әлі күнге шейін көптеген зерттеушілерге белгісіз болып келген түркі халықтарында да сақталған топан су жайлы аңыздың бар екеніне тоқталады. Алғаш рет су тасқыны тақырыбындағы қазақ мифтерінің көпшілігі топтастырылып, олар жаңа мәдени көзқарастан талданды. Түркі халықтары арасында, әсіресе, қазақ фольклорында сақталған топан су жайлы аңыздың бірнеше нұсқаларын келтіре отырып, ол аңыздардың шығу генезисіне жан-жақты талдау жасайды. Қазақ аңыздарын исламға дейінгі және исламнан кейінгі аңыздар деп екі топқа бөліп қарастырады. Исламға дейінгі аңыздардың ежелгі арий тайпалармен байланысы бар болғандығына тоқталып, зороастризм дініндегі аңыздарға салыстырулар жүргізеді. Талдау нәтижесінде су тасқынына байланысты қазақ мифтерінің өзіндік бірегейлігі мен сюжет ерекшеліктері бар екені анықталды. Авторлардың пікірінше, бұл фольклорлық және мәдени талдаулар осы бағыттағы алғашқы қадамдардың бірі болады деп сенеді және су тасқынына қатысты қазақ ауыз әдебиетін сақтауға көмектеседі деп санайды. Бұл мифтердегі айта кететін ерекше жайт оларда барлық түркі және қазақ халқына тән географиялық атаулардың аталуы.
Түйін сөздер: Қазығұрт, Арарат, Нұх пайғамбардың су тасқыны, Нұх пайғамбар, ислам, ариялықтар, зоростризм.
