Мәдениет, өнер және хореографиядағы инновациялардың ерекшеліктері

Авторлар

  • I. Aukhadiyev Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы image/svg+xml

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.012

Аңдатпа

Бұл мақалада «инновация» терминінің мәдени және өнертанушылық зерттеулер аспектісінде анықтамасы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты мәдениет, өнер және хореографиядағы «инновацияның» ерекшеліктерін анықтау болып табылады. Бұл «инновация» терминін қазақстандық балеттану ғылымының терминологиялық лексикасына енгізуге, сондай-ақ, осы құбылыстыңқасиеттерін (мәнін, ауқымын, шекараларын) теориялық тұрғыдан көрсетуге мүмкіндік береді.
Салыстырмалы талдауды және ғылыми жалпылауды негізгі зерттеу әдісі ретінде қолдану арқылы
автор инновацияларға арналған қазіргі заманғы мәдени теорияларды зерттеп, олардың негізгі
принциптерінде хореографиядан табылған ерекшеліктерді анықтады. Би өнеріндегі «инновация»
терминінің негізгі ерекшеліктері сипатталған, хореография тәжірибесінде көрініс тапқан
тұжырымдаманың семиотикалық аспектілері бейнеленген. Бұл зерттеудің келесі кезеңіне өтуге
мүмкіндік береді – хореографиядағы режиссерлік инновацияларды философиялық, мәдени
және өнертанулық көзқарас арқылы зерттеу.
Түйін сөздер: инновация, мәдениет, өнер, театр, хореография.

Жүктеулер

Жарияланды

2019-07-08