Қоғамдық сананың Қазақстанның рухани жаңғыруы мен дамуына әсері
DOI:
https://doi.org/10.26577/jpcp.2019.v68.i2.010Аңдатпа
Бұл мақалада қоғамдық сананы жаңғырту мен Қазақстандағы рухани-адамгершілік құндылықтарды
жандандыру мәселесі қарастырылады. Зерттеу негізінен өркениеттік, еуразиялық,
әлеуметтік-мәдени теорияларды, модернизациялау теориясы және т.б. сияқты даму теорияларының
кең спектрін талдауға негізделген. Алайда, бұл тұжырымдамалар, авторлардың
пікірінше, қоғамдық сананың жаңару үдерістеріне маңызды дамуының ықпалын толық көлемде
айқындамайды. Авторлар біздің еліміз үшін жаңа қазақстандық патриотизм, халықтың бірлігі,
тарихты, дәстүрді, инновациялық мәдениетті құрметтеу және жаһандық шындықтарға
дәйектілікпен бейімделу сияқты құндылықтарды біріктіру негізінде мәдени, экономикалық,
әлеуметтік және саяси қиындықтарды сәтті еңсеруге болады деп тұжырымдайды. Дамудың
«нақты анықталған мақсаттармен» жоспарлаудың табысты мысалы қоғамдық сананы жаңғыртудың
жалпыұлттық бағдарламасы «Рухани жаңғыру» болып табылады. Моральдық сипаттағы өзгерістер
қазақстандық қоғамның саяси және экономикалық институттарындағы өзгерістерді, сондай-ақ
жаңа әлеуметтік институттарды қалыптастыру процесін дайындайды және заңдастырады.
Жұмыстың нәтижелерінің практикалық маңыздылығы «Қазақстан қоғамының қоғамдық
санасын модернизациялау» жаңа арнайы курсын жасау мүмкіндігінен көрініс табады.
Түйін сөздер: даму, мәдениет, жаңғырту, қоғам, сана, рухани жаңғыру.
