Имам Абу Ханифаның әдіснамасының ерекшеліктері
DOI:
10.26577/jpcp.2019.v67.i1.012Аңдатпа
Мақалада имам Әбу Ханифаның ислам құқығы саласындағы діни ілімдік көзқарастары
қарастырылады. Ханафи мазхабының басты негізгі әдіснамалық базасының мақсаты қағидаттар
мен ережелерді анықтаудан құрылады. Ханафи мазхабы мұсылман әлемінде кеңінен таралды.
Оның ұстанушылары Қазақстанда және Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Урал, Сібір,
Қырым, ішінара Солтүстік Кавказ бен Әзірбайжан сияқты ТМД елдерінің мұсылмандары болып
табылады. Әбу Ханифа мен оның шәкірттерінің діни-құқықтық мұрасы бүгінгі таңда өз өзектілігін
жоғалтқан жоқ. Ханафи мазхабының әдіснамасының ерекшелігі оның рационалдылығында деп
айтуға болады. Жергілікті дәстүрдің құқықтық қағидаларын ескеріп, өзара үйлестіре білген
Ханафи мазхабы жалпыға ортақ әлемдік құқықтық мәдениеттің жетістігіне айналды. Ханафизм
Орта Азия мен Қазақстанның мәдени-құқықтық ескерткіштерін біріктіріп қана қоймай, сонымен
бірге классикалық исламдық құқықтық белгілерді өзгерту негізінде олардың көп ғасырлық
тәжірибесін әмбебаптандыра білді. Имам Әбу Ханифаның діни ілімдік әдістемесін талдау арқылы
фикхтың мәуренахрлық мектебінің ханафи мазхабы ғұламаларының еңбектеріндегі мәліметтерді
жеткізу дәстүрінің ерекшеліктерін бақылауға болады.
Түйін сөздер: мұрагерлік құқық, фикх, мұсылмандық, ханафи мазхабы, тарих, ислам құқығы.







