Алтын ордада ислам: таралуы мен Еуразия даласына әсері

Авторлар

DOI:

10.26577/jpcp.2019.v67.i1.08

Аңдатпа

Бұл мақалада Алтын Орданың ислам дінін қабылдау үрдісі мен оның тарихи нәтижелері қарастырылады. Алтын Орда бір-біріне мәдени, діни және саяси тұрғыдан ұқсамайтын Дешті Қыпшақ, Қырым, Еділ Бұлғариясы мен Солтүстік Кавказ сияқты аймақтарды біріктірді. Нәтижесінде дінаралық, ұлтаралық қарым-қатынастар күшейіп, Алтын Ордада ерекше мәдениет пайда болды. Алтын Ордада белгілі бір дінге басымдық бермей, діни төзімділік саясаты жүргізілді. Соның арқасында мұсылмандар, христиандар, буддистер, йаһудилер мен т.б. діни қауымдар бейбіт өмір сүрді. Бұл ортағасырлық дүние үшін сирек кездесетін жағдай еді. Кейіннен ислам Алтын Ордада мемлекеттік дін дәрежесіне жетті. Бұл жағдай діни өзгерістердің саяси және мәдени мәнін зерттеуді қажет етеді. Сондай-ақ мақалада, Алтын Орда қоғамындағы жоғарғы тап арасына исламның таралуы кезеңдері мен оның ислам өркениетінің солтүстік Еуразия далаларындағы орталығына айналуы себептері қарастырылады.
Түйін сөздер: Алтын Орда, түркі-моңғол мемлекеті, қыпшақтар, дін, ислам, Дешті Қыпшақ, суфизм.

Жарияланды

2019-04-17