Жаңа жібек жолы: мәдениетаралық сұхбаттағы «Жұмсақ күш» факторлоры
DOI:
10.26577/jpcp.2019.v67.i1.05Аңдатпа
Бүгінгі таңда мәдениет халықаралық саясаттың ажырамас бөлігіне айналды және де ол әлемдік аренада маңызды рөл атқарып келеді. Көптеген елдер мәдени дипломатияны қолдана отырып қана өздерінің мәдени мұраларын танымал ету және сонымен қатар өз халқының жетістіктерін насихаттау мүмкіндігіне ие бола алады. Мақалада Жаңа Жібек Жолының бойында орналасқан елдерде «жұмсақ күшті» қолдану маңыздылығы сипатталады. Орталық Азияның басқа елдерімен қатар Қазақстан да Қытайдың жаһандық ықпал ету күшіне, мәдениетін, тілін, рухани құндылықтарын, көзқарастарын технологияларын және тағы басқаларын таныту мен таратуда тікелей жақын болып тұрған геосаяси және геоэкономикалық маңызды аймақ болып табылады. Бұл мақалада Қытайдың басқа елдерге, атап айтқанда Орталық Азия елдеріне белсенді түрде енуі, «жұмсақ күштің» көмегімен Қытайға жақын орналасқан мемлекеттердің демографиялық және экономикалық салмағына қауіптенуін әлсіретуі туралы баяндалады. Мұндағы «жұмсақ күш» – бұл бүкіл дүние жүзі бойынша мәдени және саяси құндылықтармен және сыртқы саясатпен алмасуға мүмкіндік беретін күш ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бұл мақалада мәдениеттің бойындағы құндылықтарды бүкіл әлемге таратушы арна болып табылатын «Бір белдеу – бір жол» жобасына да арналады.
Түйін сөздер: Мәдениет, Жаңа Жібек жолы, жұмсақ күш, мәдени құндылықтар, Конфуций институты, жаһандану, жастар қоғамы.







