Физика мен химияның арасындағы ғылым философиясы

Авторлар

DOI:

10.26577/jpcp.2019.v67.i1.03

Аңдатпа

Мақалада ғылым философиясының негізгі мәселелері жаңаша қарастырылады. Талдау Рейн Вихалемнің ғылыми ізденістерге практикалық реализм деп аталатын жаңа көзқарасына негізделген. Бұл көзқарас бойынша, ғылым теориялық қана емес, ең алдымен практикалық қызмет болып саналады. Мұндай ұстаным физиканы емес, химияны жалпы қабылданған, типтік ғылымдар қатарына қосады, себебі химия танымның конструктивті-гипотезалық-дедуктивті (ϕ-ғылым) типіне ғана емес, классификациялау-тарихи-сипаттау (ϕ-ғылым емес) типіне де сүйенетіндіктен, екі жақты сипатқа ие. Физиктер сияқты, химиктер де табиғат заңдарын анықтаумен айналысады. Оған қоса, олар заттармен немесе материалдармен жұмыс істейді, ал бұл – табиғатты зерттеу тарихына тән қызмет түрі. Химияның екіжақты сипаты физиканың осы уақытқа дейін нағыз ғалым болып саналуының себептерін философиялық тұрғыдан талдау қажет екендігін көрсетеді. Мұны практикалық реализм тұрғысынан да жүзеге асыруға болады. Мақалада биологияның мәні қысқаша қарастырылады. Алайда химия екіжақты сипатқа ие ғылым деген қорытынды жасалған және бұл философиялық жаңалық бүкіл ғылым философиясының даму болашағын өзгерте алады.
Түйін сөздер: химияның екіжақты сипаты, ϕ-ғылым, ғылым философиясы, физика, практикалық реализм, Рейн Вихалем.

Жарияланды

2019-04-17