Интеллектуалды мәдениеттің философиялық мәселелері
Кілт сөздер:
тарих, философия, әлеуметтану, жаңғыру, интел¬лектуалды мәдениет, интеллектуалды ұлт, Қазақстан.Аңдатпа
Мақалада интеллектуалды мәдениетті қалыптастырудың фило- софиялық мәселелері сараланған. Интеллектуалды мәдениетті қа- лыптастырудағы әлемдік тәжірибелер мен дәстүр сабақтастығы мә- селелері, жаңғыру үдерісіндегі маңызына ерекше назар аударылды, философиялық, мәдениеттанулық, тарихи, әлеуметтік, саяси аспек- тілері зерделенді. Интеллектуалды әлеуетті көтерудегі ұлттық ру- хани-мәдени қайнарларды еңсеру, мәдени сұхбаттастық пен өзара әрекеттестік, интеллектуалды мәдениетті қалыптастырудағы бірегей бағыт интеллектуалды мәдениет тарихының формалары мен мазмұ- ны қарастырылды. Ондағы нтеллектуалды дәстүр - интеллектуалды тарихтың негізгі міндеттерінің бірі және интеллектуалды іс-әрекеттің қажетті жағдайы ретінде оның туындысы, интеллектуалды мұраны сақтаудың формасы мен тәсілі екені байыпталды. Интеллектуалды дәстүрдің тек идеялар мен ойлау тәсілдерінің сабақтастығы, интеллектуалды саладағы тарихи мұраның үздіксіздігі ғана емес, қайта туындату, белсенді қабылдау, қайта пішімдеу, шығармашылық ұс- тын, қайта еңсеру немесе қайта өрлеу сынды сипаттарының маңыз- дылығына ден қойылды. Білім беру мен ғылым саласындағы әлеумет- тік мәселелерге қатысты ой түйінделді.







