Этностық бірегейлік феноменін зерттеудің теориялық-әдістемелік тәсілдері

Авторлар

  • M. Хасанов КазНУ имени Аль-Фараби
  • T. Оспанов КазНУ имени Аль-Фараби

Кілт сөздер:

бірегейлік, тепе-теңдік, сана, этникалық бірегейлік, қоғам, субъективтілік, тұжырымдама.

Аңдатпа

Ұсынылып отырған мақалада философиядағы бірегейлік фено­мены зерттеудің әртүрлі теориялық-әдістемелік тәсілдері қарасты- рылған. Ұлттық бірегейліктің әртүрлі жағынан зерттеп танудың қыры талданған. Мақалада бірегейлік отандық және шетелдік зерттеуші- лер көзқарасындағы әртүрлі пікірталастағы философия категориясы, әлеуметтік білім категориясы және психология категориясы ретінде талданған. Жеке бірегейліктің және оның құрамының қалыптасу үде- рістерін зерттеу үшін примордиализм және конструктивизм тәсілде- рі пайдаланылған. Ұлттық бірегейліктің әлеуметтік-философиялық зерттеулерінің концептуалды мағынасын тереңдету, этникалық бі- регейлік феноменінің мәнін ашу әрекеті жасалған. Бірегейлік фено- менінің барша күрделі тұстарын және әралуандығын қарастыра оты- рып, адамның субъективтілігі, оның сыртқы, әлеуметтік және ішкі дүниесімен байланысын бөліп талдағанда, көтеріліп тұрған мәселеге арналған классикалық еңбектер ерекше қызығушылықты тудыраты- ны сондықтан болар.

Жүктеулер

Жарияланды

2016-04-02