Тарих: Басқа көзқарас жəне Басқаның көзқарасы
Аңдатпа
Мақалада тарих Басқа көзқарас жəне Басқаның көзқарасы арқылы қаралады. Басқа, көзқарас, тарих ұғымдары ашып қарастырылады. Ф. Ницшенің монументалды, сыни жəне антикварлық тарихы, Басқаның классикалық жəне постклассикалық концепттері, батыс рационализмінің окулоцентризм теориясы беріледі. Осы теориялар мен ұғымдар арқылы Дала тарихының орны, жаңа хронология, əлеуметтік теоретик қағидалары анықталады. Егер Басқа көзқарас тарихтағы шынайы/шынайы емес, тарих/əдебиет, сыртқы/ішкі мəселелерді қозғаса, онда Басқаның көзқарасы – бұл жаңа/дəстүрлік хронологияның, тарихшы/философтың, логика/сенсорика диалогы.







