Қазақстанның əлеуметтік дамуындағы тіл саясатының маңызы

Авторлар

  • A. A. Kamaldinova Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ
  • F. S. Musatayeva Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақстан, Алматы қ

Аңдатпа

Мақалада авторлар Қазақстандағы тіл саясатының маңызын, əлеуметтік дамудағы орны мен рөлін жан-жақты қарастыруға тырысады. Жалпы алғанда, мемлекет ауқымындағы, əлеумет ішіндегі тілге қатысты мəселелерді шешу мақсатында белгіленген шаралар мен идеологиялық принциптер жиынтығы тіл саясатын құрайды. Дүниежүзіндегі əр елдің тіл саясаты өзінің ұстанған идеялық бағыт-бағдарына орай түрлі сипатта болып келеді. Демократиялық қоғам құруға талпынып жатқан егеменді Қазақстан үшін ұлт саясатындағы аса бір нəзік мəселе – тіл саясатының дұрыс жүргізілуі рухани жаңғыруға игі ықпал етері сөзсіз. Бұл тұрғыда республикадағы тіл саясаты демократиялыпрагматикалық мəнде өрбіп келеді. Міне, осындай өзекті мəселелер мақаладағы ғылыми зерттеуге негіз болған. Түйін сөздер: əлеуметтік даму, тіл саясаты, Қазақстан, жолдау

Жүктеулер

Жарияланды

2019-02-09