Қазақстан Республикасының Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі
Аңдатпа
Мақалада Орталық Азиядағы негізгі қауіп-қатерге анализ жасалған. Аймақтық интеграция мен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Қазақстанның рөліне автор ерекше көңіл бөлуде. АҚШ, Ресей, Қытай сияқты державалардың саясатын ескере отырып, аймақтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастырудағы елбасы Н.Ə. Назарбаевтың бастамасы ерекше. Түйін сөздер: аймақтық қауіпсіздік, интеграциялық процестер, қауіп-қатер, Орталық Азия.
