Қазіргі саясаттанушы мамандарды дайындау: мəселелері жəне перспективалары
Аңдатпа
Мақалада қазіргі жағдайдағы саясаттанушы маманды дайындау мəселелері қарастырылған. Əлеуметтік жауапты азамат қалыптастырудағы саясаттанудың рөлі көрсетілген. Жаңа формация саясаттанушыларын қалыптастыру оқу бағдарламаларының сапасымен ғана емес, сонымен қатар оқытушылардың жəне олардың əрекеттерін ұйымдастырудағы кəсіби біліктілігіне, студенттердің логикалық ойлау мүмкіндігіне, азаматтық белсенділігіне, аналитикалық қабілеттілігіне, оқу материалдарын ұғынудағы зерттеушілік тəсілдеріне тікелей тəуелді. Қазіргі жағдайда саясаттану əлеуметтік жауапты азаматты қалыптастыруда арқаулы болуы керек. Түйін сөздер: саясат, саяси ғылым, əдіснама, модернизация, саяси жүйе, саяси талдау, саяси тұрақтылық.
