Халықаралық экономикалық қатынас əлемдік саясаттың теориясын зерттеудің объектісі ретінде
Аңдатпа
Мақалада саяси ғылымдағы халықаралық экономикалық қатынастар туралы ғылыми-теориялық көзқарастарға талдау
ұсынылған. Халықаралық экономикалық қатынастар мемлекеттік мүдде мен мемлекет аралық бірлескен қызмет саласын
қамтитын, сондай-ақ халықаралық деңгейдегі билік қатынастары саласындағы халықаралық саяси қатынастардың өзара
тығыз байланыстылығын жəне бір-бірімен қамтамасыз етілгенін атап өту керек. Өз жиынтығында олар тірі қалу мен азаматтық
қауымдастықтың жетістігі мəселесін шешуге бағытталған, əлемдік саясаттың түрлі субъектілерінің мүдделерінің келісімге
келу механизмін жасау жəне олардың арасындағы тең құқылы қатынастардың дамуы, жаһандық жəне аймақтық жанжалдарды
шешу жəне алдын алу, тұрақты жəне əділетті əлемдік тəртіпті құру.







