Қазіргі жаһандану жағдайындағы билік пен қоғамның өзара әрекеттесуінің мәселелері

Авторлар

  • A. I. Lukpanov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бұл мақалада тақырыптың өзектілігі жəне оның қазіргі заманғы жаһандану үрдістерінің ықпалымен шарттыланып отырғаны негізделінген. Мақаланың негізгі идеясы – бұл екі құбылыс – билік пен қоғамның адамзат  тарихында өзара тығыз байланыста қосарлана дамитын құбылыстар екендігі. Бұл адамзат эволюциясы тарихының шындығы əрі бұлжымас заңдылығы деп дəлелденеді.  Бұлардың өзара тиімді əрекеттесуі жəне оны оңтайлау мынау алмағайып аса күрделі заманда кез келген елде, керек десеңіз бүкіл əлемде күн тəртібінде жүретін мəселе.  Қажетті ұғымдар. Билік, қоғам жəне демократия. Билік пен қоғамның  əрекеттесуі жəне оны қазіргі əлемдегі жаңа жағайларға сай оңтайлау Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2013 ж. желтоқсандағы  Қазақстан халқына Жолдауында маңызды міндеттер санатында берілген. Бұл 2050 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанның дамудың барлық салаларында жаңғырып, еліміздің əлемнің ең мықты дамыған отыз елінің қатарына енуінің маңызды факторларының бірі болмақ. Түйін сөздер: билік, саяси билік, мемлекет, саясат, саяси бағыт, азаматтық қоғам, демократия, өркениет, жанарту, Қазақстан Республикасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы, саяси партиялар, оппозиция,  стратегия, жолдау, азаматтық альянс.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-11-25