Ислам банкінің қаржылық құралы – тақафул және хедж қоры

Авторлар

  • Н. Ж. Байтенова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • Д. Ш. Заманбеков Қазақ экономикалық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Мақаланың методологиялық негізі ретінде қазіргі заманғы ислам банк концепциясының негізі болып табылатын такафул (сақтандыру) жəне қаржыландырудың исламдық моделі алынды.Нəтижелері: алынған ғылыми нəтижелер Пуассон процесі мен броун қозғалысының шамаланған кеңістігінен тұратын математикалық моделді көрсетеді. Тұрақсыз тəуекелдідік жəне ислам моделіндегі такафул (сактандыру) бір жүйеде реттелген. Бұл тəсілдің мəні шығынды мүмкіндігінше азайту үшін шығын ұғымын жəне өндіріс құралы болып табылатын такфулды (сактандыру) айқындауда. Ғылыми жаңалығы: - жаңа шешімде «риба» принципі өсімқорлыққа жəне адам өмірінде, əлеуметтік тұрғыда бірден-бір маңызды артықшылықтары бар өсімге тыйым салу қағидаларына ие; - жақын жəне алыс шетелдердің ислам банкингі бойынша экономикалық тəжірибесін қаржыландыру тұрғысынан талдау жасау, жетекші ретінде ислам банк жүйесінің жаңа шешімдерін табу; - қазіргі Қазақстанда ислам банкингінің қаржыландыру жүйесіндегі сақтандырудың жаңа моделі такфулды ислам қаржыландыру жүйесінің өндірістік құралы ретінде қарастыру. Түйін сөздер: ислам банкі, ислам банк жүйесі, ислам банкингінің қаржыландыру құралдары, такафул (сақтандыру), тұрақсыз тəуекелділікті басқару.

Жүктеулер

Жарияланды

2018-10-15