Діни төзімсіздік феномені және Қазақстан Республикасындағы жалған ислам экстремизмі

Авторлар

  • А. Д. Курманалиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Аңдатпа

Бүгінгі таңда елімізде орын алған көптеген толқуларға қарамастан, Қазақстан бейбіт жəне тұрақты мемлекет ретінде өзін көрсете алар еді. Алайда бұл мəселені қазіргі кезеңде жаңа қырынан қарастыруымызға тура келетіндігіне көзіміз жетіп отыр. Өкінішке орай, соңғы уақытта орын алған бірқатар экстремистік жағдайлар аталған мəселені жан-жақты зерттеуді талап етеді. «Экстремизм», «терроризм» ең көп қолданылатын терминдерге айналды. Бұл, өз кезегінде, əртүрлі діни, саяси жəне ұлттық қозғалыстардың нақты мақсаттарын жүзеге асырудың құралы болды. Әсіресе, ислам дінін экстремизм ретінде ғайбаттау жиі орын алуда. Егер экстремистік феномен алғашқыда жергілікті ерекшелікке ие болса, енді ғаламдық мəселеге айналып отыр. Аймақтық қауіпсіздік ғаламдану үдерісі контексінде ғаламдық қауіпсіздікке айналды. Түйін сөздер: бейбітшілік, дін, тұрақтылық, экстремизм, терроризм, қауіпсіздік.

Жарияланды

2018-10-15