Посткеңестік кеңістіктегі елдердегі «түрлі-түсті революция» визуализациясындағы партиялық символика
Аңдатпа
Мақалада «түрлі-түсті революция» саяси феномен ретінде, саяси технологиялардың жаңа типі ретінде және олардың визуализация аспектісі жайлы жазылған. «Түрлі-түсті революция» өткізу тәжірибесі символиканың оларды ұйымдастырудағы маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын көрсеттті. «Түрлі-түсті революцияның» рәміздерінің рөлі, олардың электоратқа әсері анықталған. Қазіргі жағдайда партиялық символика күшті біріктіруші және манипуляция факторы болып табылады. «Қызғылт-сары революцияның» символикасы сай- лау үдерісінде рәмізді сәтті пайдаланудың жарқын үлгісі ретінде талданған. Белгілі бір түсті таңдау арқылы электораттың партияға немесе саяси көсемге деген қатынасын басқаруға, ал қажетті түстік ортаны құру арқылы халық арасында қажетті көңіл-күйді тудыруға болатыны көрсетілген. Түйін сөздер: «Түрлі-түсті революция», рәміз, түс, партиялық символика.
